Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақталады.
Фото: Istockphoto
Қазгидромет ел аумағында 29 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды: найзағаймен, бұршақпен, дауылмен жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Тек батыста, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, республиканың орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
«Абай, Ұлытау облыстарда, Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстанның батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Жетісу облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі», — деп жазады синоптиктер.
Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында және шөлді аудандарында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.