Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияға жойқын тайфун жақындап келеді: 230-дан астам рейс тоқтатылды

Жапонияға жойқын тайфун жақындап келеді: 230-дан астам рейс тоқтатылды

Фото: earthobservatory.nasa.gov
Жапонияда «Шаньшань» тайфуны жақындауына байланысты 230-дан астам рейс тоқтатылды. Бұл туралы әуежайлар мен әуе компанияларының мониторинг қызметтерінің мәліметтеріне сүйене отырып ТАСС хабарлады.

Болжам бойынша, тайфун ертең, 28 тамызда Окинава префектурасының аралдарына жақындап, кешке оңтүстік-батыс Кюсю аралына жетеді.

Басылымның мәліметінше, бұл шаралар бірінші кезекте Кюсю аралындағы әуежайларға әсер етеді. Теміржол операторлары да мүмкін болатын тоқтатулар мен кешігулер туралы ескертуде. «All Nippon Airways» 28-30 тамыз аралығында 80 рейсті тоқтатты.

– Тайфун қазір Амами аралдарына (Окинава префектурасы) жақындап келеді және солтүстік-батысқа қарай Кюсюге, сондай-ақ Жапонияның басты аралы Хонсюге қарай жылжуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 16 тамыз күні «Ампил» тайфунының жақындауына байланысты жапондық авиакомпаниялар жүзге жуық рейстерін, ал теміржолдар операцияларының бір бөлігін тоқтатқанын жазған едік.

28 тамыз 2024 ж. 376 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031