Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға ресейлік қантты автокөлікпен әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанға ресейлік қантты автокөлікпен әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Фото: Kazinform
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағына ресейлік қантты автокөлікпен тасымалдауға тыйым салу мәселесін қарастырмақ. Бұл туралы аталған ведомствоның вице-министрі Ербол Тасжүреков айтты.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер министрлік өкілінен ресейлік қантты автокөлікпен елімізге әкелуге тыйым салу туралы мамандардың ұсынысына қатысты сұрақ қойды.

«Жалпы, елімізде төрт қант зауыты бар, оның біреуі қант құрағын өңдеу арқылы өнім өндіріп жатыр. Қант өнеркәсібін дамыту бағытында жұмыс істеп жатырмыз, тиісті кешенді жоспар қабылданды. Бірақ, қазір ресейлік қанттың бағасы бірқатар себептерге байланысты біздің елде өндірілетін қантқа қарағанда арзанырақ. Сондықтан импортталатын қант әлдеқайда арзан екенін ескере отырып, отандық қызылша шикізатынан қант өндіретін зауыттарымызға объективті және әділ баға беру үшін бұл мәселені қарастырып жатырмыз», - деді Е. Тасжүреков.


Ол бұл мәселе ведомствоаралық комиссия отырысында қаралатынын айтты.

«Қазір бұл мәселемен айналысып жатырмыз, сондықтан ведомствоаралық комиссияға тиісті ақпарат дайындалып, талқылауға ұсынылады. Егер бұл мәселені аталған комиссияның барлық мүшесі қолдаса, онда тиісті шешім қабылданады», - деді вице-министр.

Еске салсақ, жақында Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынғанын мәлімдеді.
23 тамыз 2024 ж. 426 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 120

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930