Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?

Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алдағы қыркүйек айында Қызылорда облысында ауа температурасының орташа айлық көрсеткіші +18,9+21,3 градус болады деп күтілуде. Тиісінше, бұл нормадан 1 градусқа жоғары. Сондай-ақ, өңірде қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері аз болып, жиі шаңды дауыл болады деп болжануда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Мағжан Сәдуақасов хабарлады.
- Қыркүйек айының бірінші онкүндігінде облыста ауа температурасы түнде +16+21 градустан +11+16 градусқа дейін болса, күндіз +35+40 градустан +30+35-қа дейін болады деп болжануда. Ал аймағымыздың солтүстігінде + 25 градусқа дейін төмендейді. Айдың екінші онкүндігінде түнде +4+9 градус, күндіз +20+25 градусқа дейін, облыстың солтүстік бөлігінде +16°С-қа дейін одан әрі төмендеуі күтіледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі болжанады. Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде 0,+5°С дейін, облыстың солтүстігінде үсік 2°С, күндіз +16+21°С дейін төмендеуі күтіледі. Содан кейін ауа температурасының түнде +5+10°С дейін, күндіз +21+26°С дейін жоғарылауы болжануда. Сондай-ақ, жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан аз болады деп күтілуде. Жаңбыр, найзағай екінші және үшінші онкүндіктердің басында күтіледі. Шаңды дауыл бірінші онкүндіктің ортасында болуы мүмкін. Жел 15-20 м/с әр онкүндіктің басында деп болжануда,- деді Мағжан Ғалымұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
20 тамыз 2024 ж. 188 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930