Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.Алматыда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метрге жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында секундына 23-28 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 секундына метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-42 градус қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының шығысында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысының батысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады. Найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.
10 шілде 2024 ж. 131 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930