Жұмаға арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay.com
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күндіз ауа райы жылы және шуақты болады, бірақ кейбір өңірлерде жаңбыр және жел күтіледі. Солтүстік және шығыс облыстарында күндізгі уақытта өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Батыс өңірлерде де құрғақ және жылы ауа райы күтіледі, бірақ кешкі уақытта желдің күшеюі ықтимал. Орталық Қазақстанда ауа райы тұрақты болып, температура орташа көрсеткіштерде сақталады.
Ақмола облысы
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 16 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 16 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысы
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, ортылығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 16 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 16 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысы
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 16 тамызда түнде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
№15 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 15 тамыздан 2024 ж. 15 тамыз 20 сағ. 2024 ж. 16 тамыз 20 сағ. аралығы
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 16 тамызда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысы
16 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Атырау қ: 16 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысы
Абай облысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың шығысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 16 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысы
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
16 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 16 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Астана
Астана қ.: 16 тамызда таңертең және күндіз найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысы
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақтау қ.: 16 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Түнде Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 16 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысы
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 16 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.