Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 501 алаяқтық қылмыс тіркелді

Қызылорда облысында 501 алаяқтық қылмыс тіркелді

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында биылғы жылдың 7 айында 501 алаяқтық қылмысы тіркелді. Жалпы тіркелген алаяқтықтың 40,2 пайызын интернет-алаяқтық қылмысы құрап отыр.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, интернет-алаяқтық қылмысын ашу – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан осы бағытта жүйелі жұмыс ұйымдастырып, қылмысты ашуға бағытталған шаралар қабылдауға мән беріліп отыр.

«Департамент бастығының бұйрығымен тергеу және криминалды полиция бөліністерінің тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталған тұрақты “Киберпол” жедел-тергеу тобы құрылған. Аталған топ бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді. Олардың жүйелі жұмысының нәтижесінде 8 қылмыстық іске қатысы бар А. есімді азаматша қолға түскен. Ол жарнамалық сайттарда жалған хабарландыру орналастырған. Салдарынан ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен іс қозғалды. Сондай-ақ мамыр айында осы тектес қылмыс жасаған шымкенттік Ж. есімді тұрғынның 12 қылмыстық іске қатысы бары анықталып, сотқа жолданды», – деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Тимур Хамитов.

Фото: ашық дереккөз

15 тамыз 2024 ж. 135 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 277

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930