Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт министрлігі Олимпиададан кейін “қатал” жиналыс өткізгелі отыр

Спорт министрлігі Олимпиададан кейін “қатал” жиналыс өткізгелі отыр

Коллаж Ulysmedia
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Парижде өткен Олимпиада ойындарының қорытындысы жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Жеті медаль ғана бар. Жалпы есепте 43-ші орын! Ал спортқа миллиардап қаржы бөлініп жатқаны айтылады. Неге нәтиже осындай болды” деп сұралды шенеуніктен.
Жарасбаев ұлттық команданы дайындауға және қатысуға 980 млн теңге бөлінгенін айтады..
- Бұл өте үлкен сома, бірақ ол жалпы дайындыққа, оқу-жаттығу жиындарына, іріктеу жарыстарына қатысуға бағытталған. Қазір бізде жеті медаль бар. Менің ойымша, бұл жақсы көрсеткіш. Дзюдодан тарихта алғаш рет алтын медаль алдық. Екінші медаль тағы бар. Сондай-ақ, Нариман Құрбанов алғаш рет спорттық гимнастикада күміс алды. Сонымен қатар, оқ атудан қола медаль түсті. Ол спорттан 1996 жылдан бері медаль жоқ болған, - деді ол.


Сондай-ақ, Жарасбаев 2024 жылғы спортқа бюджеттен бөлінген қаражат алдыңғы ойындарға қарағанда қатты ерекшеленбейтінін атап өтті.

- Бәрінің жұмысына баға аптаның соңында өтетін үлкен кеңестің қорытындысында беріледі. Біз бокста неге мұндай жағдай болғанын қарастырамыз. Жалпы, біз өз міндеттемелерін орындамаған бірқатар федерациялардың алдына сұрақтар қоямыз деп ойлаймын. Кеңес қорытындысы бойынша белгілі бір тұжырымдар болады, - деді шенеунік.

Сонымен қатар, қазақстандықтар легионерлерді тарту ісін қатаң сынайтынын да журналистер Жарасбаевтың есіне салды.

- Сын әрқашан болған әрі болады да. Легионерлерге қатысты үнемі айтылады. Мәжілісте заң жобасы бар, онда біз азаматтығы жоқ легионерлерді бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынатынын нақты айқындадық. Жалпы, осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деп сендірді Жарасбаев.

11 тамызда Парижде 2024 жылғы Олимпиада аясында соңғы жарыс күні өтті. Қазақстан бір ғана алтын медаль жеңіп алды. Биыл Қазақстан спортшыларының қордынында бір алтын, үш күміс және үш қола медаль бар.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары өтті. 200 елден 10 000-нан астам спортшы қатысты. Барлығы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
12 тамыз 2024 ж. 89 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30