Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпті жүрміз жасырып, Етсе де тұрақ таршылық

Қауіпті жүрміз жасырып, Етсе де тұрақ таршылық

Жаңа оқу жылы жақындап, балғындар алтын ұяларымен қауышатын сәт жақындаған сайын, жылдағыдай қазалылық ата-аналардың санасын қорқынышты үрей билейі. Қауіптенуі тек емес. «Жоқтықтан автотұрағы, көліктеп сапта тұрады» деген жолдар ұйқас үшін айтылған қатар емес, аудан тұрғындарының өмір сүру салтына айналған. Аулалар автортұраққа айналған мекендегі мектепке жақын тұрғын үйлер маңына көліктерді қаңтарып қою қаншалықты орынды?
Елімізде заң талаптарына сай, жаңа нысан салынса, автотұрақтардың болуы міндеттелген. Бірақ талап сақталып жатпағаны баршаға белгілі. Жапондықтардан автокөлік сатып алмас бұрын, оны қоятын орын бар екенін дәлелдеуі тиістігі сұралады екен. Егер көлік тұратын тұрақ болмаса, көлік ала алмайды. Ал біздегі жағдай қандай?
Сабақ уақыты басталысымен, мектептер жанына келетін көліктер қатары қалыңдайды. Оқуға баласын әкелген жақындары перзенттері үйге жеткенінше жандарын «шүберекке түйіп» отырады. Басқаны қойғанда, халық көп шоғырланған аудан орталығы Әйтеке би кентінің мектептерінің маңынан тұрақ табылмайды.
Журналистік топ кенттегі орталықта орналасқан мектептер нысанына бас сұқты.
Алғашқы бағытымыз – Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектеп пен Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия болды. Өткен ғасырда бой көтерген білім ошақтарынан қазіргі талапты талап ету орынсыз болғанымен, балалар қауіпсізігі ортақтығын ескеріп, белгілерге байыптадық.
Үмбет би мен Бекарыстан би көшелері қос мектеп қызметкерлері мен ата-аналарының автотұрағына айналған. Қозғалыс пен қиындық өз алдына бөлек тақырып.
Балалар жанашырлары әкімдікке шағым жолдап, білім ордаларының автотұрағын анықтауға әрекет жасағанымен, жауапсыз қалған.
Ж.Жабаев атындағы №234 мектеп ғимаратындағы мектеп оқушыларынан өзге ерекше балаларға арналған инклюзивті білім беретін сыныптар орналасқан орынның автотұрақ «бас ауруына» айналған.
«Ғимараттан көшеге дейінгі аралықта 100 метрдей бос жер бар. Мектеп алдынан қоғамдық көлік жүретіні, мұнда ерекше балалар бар екенін алға тартып, ата-аналар мен ұстаздар бірігіп, шағым жазып, өтінішімізді мәслихатқа, кент, аудан әкімдігіне апарғанбыз. Әлі хабар жоқ», – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөініндегі орынбасары Роза Баймаханова.
Тәжірибелі ұстаздың жанайқайы «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайдыны» еске түсіреді.
Денсаулығында кінәрат бар балаларды тасымалдайтын жаңа автобустың мектеп ауласында тұрғанын көзіміз шалды. Ал уақытша автотұрақ қызметін атқарып тұрған орынға көлемді көліктің симасы анық. Оқушылар қоңырауға шыққанда еркін тыныстайтын ауласына автокөлікі қою қай жағынан да қисынсыз.
Жамбыл мектебінен де тар ауланы автокөлік тұратын жерге айналдырған ұжым Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп. Бұл оқу орны туралы айтылғанда, іргеліс тұрған №266 мектеп-лицейдің жағдайы да ойға оралады. Автотұрақ белгілері атымен жоқтығына қарамай, екі мектепке келгендер Желтоқсан көшесінің өздері орналасқан бөлігін тұрақ етіп, кептеліске ұшарататына жергілікті жұрт назалы.
«В.Счастнов атындағы көше тұрғынымын. Жұмысқа баратын Желтоқсан көшесімен таңертең, түскі уақытта жүру мүмкін емес. Кішілер тұрмақ, үлкендер үшін қауіпті. Кейбір жол ережесін дұрыс білмейтін тәжірибесі аз жүргізішілер бұл көшеге келмеуін күндіз-түні тілеп отырамын. Тіпті бір жолы мектеп-лицей жанында қыз баланы жеңіл көлік қағып кете жаздағанын көзім көрді. Ұл-қызым әлі кішкентай. Олар мектеп жасына жеткенше, жағдай реттелсе», – дейді Берік Қалиұлы.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жазатайым оқиға болмас үшін бірнеше рет іс-шаралар атқарылған. Мектеп учаскелік инспекторы сабақ басталар, аяқталар тұста осы орында тұрған кездер де болған. «Жасөспірімдер инспекторының штаттық құрылымы қысқарғанын ескеріп, жаңа оқу жылында полицейлер бұл мәселені уақытша болса да реттей ала ма?» деген күмәнді сауалымызды аудандық полиция бөліміне жолдағанда, тәртіп сақшылары жағдайды жергілікті учаскелік полицияларға міндеттелгенін, алдағы уақытта жол қауіпсіздігіне сол мамандар атсалысатынын айтты.
Мәселеге орай №70 мектеп директорына жолықтық.
«Автотұрақ жайын көтерулеріңіз орынды. Біздің де алдымызда тұрған міндеттің біріне айналып отыр. Балалар қауіпсіздігі – ортақ іс. Бұл бағытта үнемі ата-аналар тарапынан айтылатын үш мәселе: В.Счастнов көшесіне жол салу, жарықпен қамту, автотұрақ ұйымдастырудың алдыңғы екеуі аудан әкімдігімен бірлесе жүзеге асты. Кезек автотұраққа келіп тұр. Белгіленген орын, жобалық сызбасы дайын. Қаржы қаралса, ол қиындықты еңсеретін күн алыс емес», – дейді Төребай Шермаханов.
Ауданда автотұрағы бар мектептер де бар. Олардың бірі – Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей. Мұндағы автокөліктердің арнаулы орны мектеп оқушыларың артуына орай таршылық тудырып келе жатқандығын жасыруға болмайды. Бұл маңай Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентін, Сырдарияның арғы бетінде орналасқан елді мекендер және Арал ауданының ауылдары тұрғындарының ауданға келер жолы. Сондай-ақ кенттегі басты нысандардың дені мектеп орын тепкен Жанқожа батыр көше бойына орналасқанын ескерсек, мәселеге маңыз берілуі қажеттігі туындайтынын топшылайсың.
«Мегаполистерде ақылы тұрақтар барын естідім. Өзімнің бауырларым баратын №249 мектеп-лицей жанына осы жүйені енгізу орынды деп есептеймін. Таңертең мектеп маңымен жүру мүмкін емес. Егер тегін тұрақтарды ақылылар алмастырса, кенттің көшелеріне және жолдарына түсетін жүктемені азайтып, жаяу жүргіншілердің және көліктердің қозғалысы үшін қолайлы жағдай туғызылар еді» – дейді өзін Бауыржан деп таныстырған жігіт.
Айтуынша, ақылы жолдар желісін ұйымдастыру жобасы қала көшелері мен жолдарында орынсыз автотұрақтардың ­жойылуына септесіп, жол қозғалысын жүйелендіреді және жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырады. Олардан түскен қаражатты жол таңбаларын түсіруге, белгілерін орнатуға, автобус аялдамаларын ұстау жол жөндеу сынды салаға қатысты жұмыстарды жүйелеуге жұмсауға болады. Орынды пікірді қаперге алғанмен, ақылы аялдамадан қашып, жүргізушілер көліктерін белгіленбеген орындарға, жүргіншілердің жолына қоса қауіп одан әрі күшейетіні тағы бар.
Қолданыстағы заңға сүйенсек, экологиялық стандарттарға сай, санитарлық нормалар ­бойынша жалпы білім беретін мектептердің, интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелерінің жер учаскелерінің шекарасына он метрден жақын тұраққа тыйым салынады. Көліктер сананың көбеюі орын алған жағдайда, аралықты 15 метрге дейін арттыру қажет.
Мектеп маңайлары жеңіл көліктерге толып тұрғанына қарағанда, ыңғайлылық пен қауіпсіздіктің ауылы алыстығын аңғарамыз. Абырой болғанда, жыл басынан бергі орын алған 22 жол көлік оқиғасының қатарында мектеп ауласында болған заңбұзушылық тіркелмепті. Қауіп аяқ астында. «Сақтансаң, сақтайды» дегенді ескерсек, оған бейжай қарауға болмайды.
Деректерге сүйенсек, ауданда 15 мыңға таяу автокөлік бар. Оған келіп-кететіндерді қосыңыз. Автотұрақтардың жақын арада шешімін таппасын қаперге алсақ, жүргізушілер көліктер қойған орынды барынша жауапты пайдалануға, көлік қою уақытын нақты жоспарлауды жүйелеу міндеті барын байқатады.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
10 тамыз 2024 ж. 263 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031