Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан бекітілген кестеге сай су беріп жатыр – министрлік

Қырғызстан бекітілген кестеге сай су беріп жатыр – министрлік

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
Қырғызстанда Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 34-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қырғызстанда Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 34-ші отырысы өтті. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров Қырғыз Республикасы Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары Алмазбек Сокеевпен кездесті.

Су бөлу қондырғыларын автоматтандыру және Аспара өзені мен Чумыш гидроторабында бірлескен өлшеу жұмыстарын жүргізу, Талас өзеніндегі «Жасөркен» гидробекетінде гидрологиялық бақылауларды қалпына келтіру және басқа да су шаруашылығы мәселелері қаралды.

«Сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Қырғызстаннан бекітілген кестеге сәйкес су келіп жатыр. Қырғыз әріптестерімен бірлесіп, Аспара трансшекаралық өзені мен Чумыш су торабында су бөлуді бақылауды күшейту жұмысы жалғасады», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Отырысқа елімізден Жамбыл облысы әкімдігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, су шаруашылығы мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты. Комиссияның келесі отырысы 2024 жылдың 4-тоқсанында Астанада өтеді.
07 тамыз 2024 ж. 186 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930