Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет: еліміздің 9 өңірінде аптап ыстық болады

Қазгидромет: еліміздің 9 өңірінде аптап ыстық болады

Фото: Pexels
29 шілдеде түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында найзағай күтіледі. Өңірдің солтүстік, солтүстік-шығыс және түнде облыстың оңтүстігінде 15-18 секундына метрге жел соқпақ, Ал күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус аптап ыстық болмақ. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында өрт қаупі жоғары.
Сол түні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай мен бұршақ түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және солтүстік-батысында секундына 15-20 жел соғады деп болжанды. Ал өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 метр сайын.

29-31 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде, батысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады деп күтіліп отыр. Облыстың оңтүстік-батыс, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 метрге жел соқпақ.

Ертең күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Әр метріне 15-20 секундта жел соғады. Күндіз өңірдің батыс, оңтүстік-батыс, солтүстігінде, шығысында жел екпінді. Сонымен қатар облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыста, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38-40 градус қатты ыстық болады деп күтілуде. Облыстың көп бөлігінде, яғни солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында батыс, оңтүстік-батыс жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болмақ. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында да күтпеген өр қаупі сақталып отыр.

Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-батыс жел соғады деп күтілуде, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, атап айтсақ, өңірдің орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада солтүстік жел, күндіз екпіні 16 м/с болады деп күтілуде.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыс жел күтіледі, 15-20 м/с. Аталған өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар ертең Шымкент пен Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтілуде. Жел оңтүстік-батыс, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз шығыста, Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел шығыс, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты жылу сақталады.
28 шілде 2024 ж. 167 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031