Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда автобусты 23 жастан жүргізуге болады

Қазақстанда автобусты 23 жастан жүргізуге болады

Қазақстанда автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптар жеңілдетіліп, электромобильдерге арналған тегін тұраққа рұқсат берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, деп жазады Qazaqstan Media.

Ақорда тиісті заңға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойғанын жеткізді.

«Мемлекет басшысы» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды»,— делінген хабарламада.

Енді қазақстандықтар автобустарды 25 жастан емес, 23 жастан бастап жүргізе алады. Сондай-ақ жүргізу өтілі бес жылдан үш жылға дейін қысқартылды. Бұған себеп елімізде қоғамдық көлік саласында кадрлар тапшылығы бар.

Бұған дейін ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптардың төмендеуі жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етпейтінін жеткізген еді.

«Бұл нормаға неге барғанымызды түсіндірер болсам, жолаушылар тасымалымен айналысатын бизнес өкілдері елде жүргізушілер тапшылығы көп деген мәселені көптен бері көтеріп келеді. Осы жағдайды талдай келе, Қазақстанда ЕАЭО-ның барлық елдерінің ең қатаң талаптары бар екенін түсіндік. Онда 21 жастан бастап жүргізушілерге рұқсат етіледі. Ал бізде 25 жастан бастап бес жылдық жүргізуші тәжірибесі болуы керек. Менің ойымша, мұны сәл төмендетсек жолаушылар мен тасымалдың қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етпейді»,– деп атап өтті ол.


19 шілде 2024 ж. 163 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031