Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде дауыл тұруы ықтимал
Фото: freepik.com
Бүгін еліміздің батысында күн бұлттанып, жаңбыр жаууы ықтимал. Ал Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 17-22 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 14 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Алматы облысы
Таңертең және күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғанды, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Алматы қ.: 14 шілде күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 14 шілде күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Түркістан облысы
Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 14 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 14 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Атырау облысы
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Атырау қ: 14 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қостанай облысы
Қостанай облысында батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 14 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысы
Күндіз Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қызылорда облысы
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 14 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 14 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 14 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
14 шілдеде күндіз Ұлытау облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 14 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 14 шілдеде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана
Астана қ.: 14 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысы
Күндіз Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қ.: 14 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.