Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 шілдеден бастап 3 300 қазақстандықтың жалақысы 100% өсті

1 шілдеден бастап 3 300 қазақстандықтың жалақысы 100% өсті

Фото: Stan.kz
Бүгіннен бастап еліміздің орман және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына екі есе үстемақы алады. Тиісті қаулыға премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орман және табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, шарттары мен мөлшерін жақсарту үшін "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді.

“Құжатқа сәйкес орман өртін сөндіру станцияларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100%-ға дейін үстемеақы алады. Олардың ішінде орман өртін сөндірушілер, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндейтін слесарлар, өрт-бақылау мұнарасының бақылаушылары бар”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 113 авиациялық күзет өрт сөндіруші-десантшының жалақысы көтеріледі. Ол үшін 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 8,4 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. Барлығы 3 300-ге жуық қызметкер қосымша үстемақы алатын болды.

Алматыдағы сейсмология институты қызметкерлеріне жалақы төлей алмай, оларды ақысыз демалысқа жіберген
"Батырлардың еңбегі қашан бағаланар екен": Желіде Астанадағы ірі өртті сөндірген қызметкерлердің суреттері қызу талқылануда
Жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мекемелерінің орман өрт сөндіру станцияларының 1619 қызметкеріне берілетін ұстемақы жергілікті бюджет қаражатынан бөлінеді.

Бұған дейін Үкімет басшысы орман және табиғатты қорғау мекемелерінің барлық қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі өз бақылауында екенін және тиісті қаулының жобасы дайындалғанын айтты. Парламент депутаты Ольга Булавкина "Семей орманы" РММ Бородулиха филиалының қызметкерлері үшін қосымша үстемақы мәселесін көтерді.

Еске салайық, 2023 жылы шілдеде Тоқаевтың тапсырмасымен орман құрылымдары қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмысы үшін лауазымдық жалақыларына 100% үстемеақы белгіленген еді.

01 шілде 2024 ж. 151 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031