Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Словакия сенсация жасай алмады: Англия – ширек финалда

Словакия сенсация жасай алмады: Англия – ширек финалда

Фото: england инстаграм парақшасынан
Футболдан Англия ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. 1/8 финалда ағылшындар Словакия құрамасын қосымша уақытта ұтып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гельзенкирхенде өткен ойынның негізі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 25-минутта Иван Шранц Словакия құрамасын алға шығарды, деп жазады msport.kz.
Ағылшындар есепті ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда ғана теңестірді. Словактардың қорғанысы соңғы сәтте ғана сыр берді. Англияны жеңілістен құтқарып қалған – Джуд Беллингем.
Экстра-тайм басталған тұста-ақ Англия екінші голын соқты. Бұл жолы команда капитаны Харри Кейн мергендігімен көзге түсті. Осылайша ағылшындар абыройсыз қалудан аман қалса, Словакияға сәттілік жетіспеді. Англия ширек финалда кеше ғана Италия құрамасын еліне қайтарған Швейцариямен кездеседі.



01 шілде 2024 ж. 102 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031