Лай көшкінінен көз жұмғандардың қатарында қазақстандық балалар бар
Фото: mir24.tv
Қырғызстанда селден көз жұмған тағы екі баланың денесі табылды. Олар Қазақстан азаматтары екені анықталған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы лай көшкіні салдарынан жоғалып кеткен 2 баланың Қазақстан азаматтары екенін мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, қаза тапқандардың туыстарына қазақстандық дипломаттар барынша көмек көрсетуде.
"Жақын арада қаза тапқан 4 баланың барлығының денесі Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің бортында Отанына жеткізіледі", – делінген хабарламада.