Костенко шахтасынан соңғы кеншінің денесі табылды
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі 30 қазан күні таңертең табылды. Іздестіру жұмысы аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағандылық журналист Айнұр Балакешова марқұм кенші Сергей Киселевтің туыстарына сілтеме жасап хабарлағандай, оның денесі 30 қазан күні таңертең табылды. Сергей Киселев Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқан кеншілердің соңғысы болды.
"Соңғы болып біздің әкеміз табылды, ол 35 жылдан астам шахтер болып жұмыс істеді", - дейді Сергей Киселевтің балалары.
Мәйіті табылмаған соңғы кеншіні іздеу түні бойы жалғасты. Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметтері қаза тапқан кеншілердің соңғысы табылды деген ақпаратты әзірге ресми растаған жоқ.
Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Костенко шахтасынан қаза тапқан 45 кеншінің денесін тапты.