Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар алаяқтарға қанша ақша берген? – Антикор жиналған сомманы айтты

Қазақстандықтар алаяқтарға қанша ақша берген? – Антикор жиналған сомманы айтты

Фото: Арман Мухатов – baq.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров елімізде алаяқтық фактілері бойынша қанша іс қозғалғанын айтты , деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соңғы үш жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтық фактілері бойынша 700-ден астам қылмыстық іс болды, оның 100-ден астамы пара беруге итермелеумен ұштасты. Республика бойынша алаяқтарға берілген қаражаттың жалпы сомасы 18,9 млрд теңгеден асады, – деді агенттіктің ресми өкілі.

Биғайдаров алаяқтық ісімен айналысқан мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы С. Джабасовқа қатысты үкім жарияланғанын атап өтті.

Ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны және өндірісте екі қызметкердің қайтыс болуы фактісі бойынша оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуға байланысты лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді ол.
19 маусым 2024 ж. 168 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930