Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұсылманның ұлық мерекесі

Мұсылманның ұлық мерекесі

Алла елшісі (с.ғ.с) Алланың разылығы үшін құрбан айт күні қан шығарудан (құрбандық ретінде) ұнамды іс жоқ және (құрбан) қиямет күні алдыңнан шығады» – десе тағы бірде: Адам баласы құрбан айт күні қан шығарудан (құрбан шалудан) артық амал арқылы Алла Тағалаға жақын болған емес.
Ағызылған қан жерге тамбай тұрып Алла Тағаланың құзырында ерекше дәрежеге жетеді. Сондықтан да шын жүректен әрі ризашылықпен құрбандықтарыңды шалыңдар – деп құрбандық шалудың қаншалықты сауапты іс екенін шегелеп айтқан. Құрбан айт мерекесінде жақсылап ғұсыл құйылғаннан (денені толықтай жуу) кейін әдемі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіссу сеуіп, мешітке айт намазына бару жақсы амалдарға жатады. Айт намазын оқығаннан кейін құрбан шалу міндеттелген жандар құрбандықтарын шалып, етін тиісті адамдарға таратады.
Бұл күні мұсылмандар көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырыстап, «Айт құтты болсын» айтысады. Мейрам күні мейілінше көтеріңкі көңіл-күйде, жылы жүзді, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер табысқаны жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін сұрап, арнайы бас сұғу, жетім, жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, оларға да айттың қуанышын сездіру сауапты істерге жатады. Бұған қоса әке-шешесіне, отбасындағыларға, жора-жолдастарына мүмкіндігінше кішігірім болса да сый-сияпат жасап айт мейрамын ерекше өткізу құптарлық іс.
Құрбандыққа мал шалу тәртібі, қандай малдар шалынатындығы оның батасы тағы басқа сауапты амалдар жасалынулары жайлы әлеуметтік желілерде кеңінен таратылатындықтан бұл жайлы қысқартып отырмыз. Құрбандық шалушы адам мұсылман азат, мұқим болу, сондай-ақ шариғат бойынша бай саналатын жағдайға ие болуы шарт.
Үш күн қатарынан тойланатын Ұлық Айт кезінде әлемдегі мұсылман қауымы Алланың ақ жолына бағыштап құрбандық шалумен қатар ата-бабаларының әруақтарына құран оқытады. Бір-бірлеріне ізгі тілектер тілейді. Құрбан шалу уақыты айт күнінің таңында басталып айттың үшінші күні күн батарға дейін жалғасады.
Мұсылман бауырлар!
Аудандық, кенттік, қалалық және ауылдық мешіттерде 2024 жылдың маусым айының 16-шы жұлдызында таңертеңгі сағат 6.00-де айт намазы (құрбан айт намазы) оқылады деп күтілуде. Яғни осы күнгі таңертеңгі сағат 6.30-дан бастап құрбандық малы шалына береді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуасына сәйкес біржар күн өзгеріс болуы да мүмкін. Ол жайлы әлеуметтік желіде қосымша хабарланатын болады.
Ұлық мейрам – құрбан айттарыңыз, ниеттеріңіз қабыл болсын мұсылман бауырлар!

Нұрдәулет НӘБИ,
Қазалы аудандық орталық
«Жанқожа батыр»мешітінің бас имамы
11 маусым 2024 ж. 120 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031