Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін бірқатар өңірде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Бүгін бірқатар өңірде жел күшейіп, жаңбыр жауады

"Қазгидромет" РМК ел аумағында 5 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атмосфералық фронттардың өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз солтүстікте бұршақ болады. Түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында тұман болуы мүмкін. Тек елдің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

"Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысның солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады", — деп жазды синоптиктер.

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
05 маусым 2024 ж. 326 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930