Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны: Атырау облысындағы Талдыкөлден 121 адам эвакуацияланды

Су тасқыны: Атырау облысындағы Талдыкөлден 121 адам эвакуацияланды

Фото: t.me/qr_tjm
Атырау облысында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Жайық өзеніндегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Махамбет ауданының Талдыкөл ауылына апаратын автожол арқылы су жүруіне байланысты жергілікті тұрғындарды алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 121 адам,оның ішінде 41 бала жүзу құралдарының көмегімен ауылдан кетті. 26 ауыл тұрғыны Атырау қаласының эвакопункттеріне жеткізіліп, орналастырылды. 90-нан астам адам туыстарының үйлеріне барды. Талдыкөл ауылында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу фактісі тіркелген жоқ. Айта кетейік, кеше таңертең Атырау облысына ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов келді. Барлық жұмыстар оның жеке бақылауымен жүргізілді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен Махамбет ауданының Жалғансай ауылы айналасындағы үйінді қорғаныш білігінің жанында тасқын суды сору жұмыстарын жүргізуде. Атырау қаласын жағалай қосымша қапшықтар төселуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өңірге Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан, Шымкент қаласынан құтқарушылар топтары және ҚР ТЖМ 52 859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келген болатын.

ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) ұсынымдарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз орындарға эвакуациялауды сұрайды.
26 мамыр 2024 ж. 251 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930