Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлікті техникалық тексеру саласында заң бұзу деректері көбейді - министрлік

Көлікті техникалық тексеру саласында заң бұзу деректері көбейді - министрлік

Фото: Pixabay
Жыл басынан бері автокөлікті техникалық тексеру қағидаларын орындамаған операторларға 270 хаттама толтырылды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінен мәлім болды.

«Қазіргі кезде техникалық қарап-тексерудің операторлары жағынан заң бұзу деректері көбейгені байқалып отыр. Мәселен, 2023 жылы 12 айда механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығын бұзғаны үшін операторларға 394 әкімшілік хаттама толтырылып, 8 млн теңге сомасында айыппұл өндірілді. Сонымен қатар, 2024 жылдың 4 айында міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 270 әкімшілік хаттама толтырылып, 7,8 млн теңге айыппұл өндірілді», - делінген Көлік министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметінде бұл тұрғыда көлікті техникалық тексеруден өткізетін операторлар 10 - 50 АЕК деңгейіндегі айыппұлды төлеп, одан әрі заң бұзуды жалғастырып отырғаны айтылған.

«Осы себепті Әкімшілік құқық бузушылық туралы кодексте 616 бапты бұзғаны үшін айыппұлды 30 – 100 АЕК дейін көтеру қарастырылған», - деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Еске сала кетейік, мамыр айының басында көлігін өтірік техникалық тексеруден өткізгендерге айыппұл 370 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін екені хабарланды.

Қазір нарықта 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу қызметін көрсетіп жатыр.
20 мамыр 2024 ж. 194 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031