Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнері өрге жүзген ұстаздың мерейі тасыған күн

Өнері өрге жүзген ұстаздың мерейі тасыған күн

Бүгін облыстық Жастар ресурстық орталығында ұстаздық пен шығармашылықты ұштастыра білген тамаша талант иесі Сүйінбаева Ләйлә Қуанышқызының шығармашылық кеші өтті.

Кешке басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы арнайы келіп Ләйлә Қуанышқызының шығармашылық қырларының жас буын ұстаздарға үлгі екендігін айтып, кеш иесі мен бірқатар білім саласы қызметкерлеріне марапаттар табыстады.

Кеш иесіне жүрекжарды лебізін білдіруге аға буын өкілі, 100 шайырдың жолын жалғаушы жыршы-ақын Серік Ыдырысов пен балалар ақыны Рахат Наурызбаева арнайы келді.


Мектеп қабырғасында жүріп түрлі іс-шараларға қатысып, бала кезінен ән шығаруды жанына серік еткен кейіпкер Сүйінбаева Ләйлә 1994 жылы Қызылорда музыкалық колледжіне «Хорды дирижерлау» мамандығы бойынша түсіп, 1998 жылы Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық коллледжді «Оқытушы. Хор дирижері» мамандығында біліктілігін арттырып, үздік дипоммен бітірдім. 1999 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандығы бойынша жырау Алмас Алматовтың сыныбынан дәріс алып, 2003 жылы тәмамдап шығады. Сол уақыттан бері Қызылорда қаласындағы №6 Сужиков атындағы мектепке музыка мұғалімі болып қабылданып, сол уақыттан бері шығармашылық қырын шыңдап, өз жүрегінен шыққан әуендерін шәкірттеріне шырқатуда.

Бұл кеште ұстаздың жолын қуған шәкірттері, жас буын ұстаздар өнер көрсетіп, Сыр аспанын балалардың шаттық күлкісі мен сазды үніне бөледі.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
01 мамыр 2024 ж. 113 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 40

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 39

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 43

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 43

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031