Елшіліктегі ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні
ttjk.info. Астанадағы Түркия Республикасының Елшілігінде «23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті.
1920 жылы 23 сәуір Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі құрылған күнді, Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал АТАТҮРІК “Ұлттық егемендік және балалар күні” деп жариялап, балаларға тарту етті.
Сол күннен бастап 23 сәуір “Ұлттық егемендік және балалар күні” Түркияның түкпір-түкпірінде балаларға арналған үлкен іс-шаралармен тойлануда. Биылғы жылы мереке Түркияғa әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалармен түрлі іс-шаралармен атап өтілді.
Мерекеге орай Астанадағы Түркия Республикасының елшілігінің ұйымдастыруымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Мереке Қазақстанда тұратын түрік балалары мен салтанатты шараға шақырылған қазақ балаларымен бірге үлкен ықыласпен өтті.
Салтанатты шара барысында балалар мультфильм қаһармандарының бейнесін сомдаған аниматорлардың сүйемелдеуімен және түрлі бояу жұмыстарымен билеп, әуенмен ойнап көңілді уақыт өткізді.
Дәстүр бойынша, биылғы жылы елшілік креслосы осы күнге арналған балаға табысталды.
Балалар мәзірі түрінде дайындалған тәттілерден кейін Түркия Республикасының Елшісі Мұстафа КАПУДЖУ мерекелік шараларға қатысушы балаларға түрлі сыйлықтар табыс етті.