Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ өкілдері сот залына қайта кіргізілді

БАҚ өкілдері сот залына қайта кіргізілді

Фото
Бүгін Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша БАҚ өкілдері сот залына кіргізілді, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz.

Бүгінгі сот отырысында судья Айжан Құлбаева КТК арнасының өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Айта кетейік, бұған дейін телеарна алқабилер көрініп қалған кадрларды шығарған болатын.

"Алқабилерді сот отырысы залына шақырмас бұрын, тексеріс кезінде алқабилердің фото және бейнежазбаларын БАҚ-та және әлеуметтік желілерде КТК телеарнасының өкілдері таратқаны анықталғанын жеткізгім келеді, олар бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Біздің процестің ашық сот отырысында жүргізіліп жатқанын ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабында бекітілген сот ісін жүргізудің жариялылық қағидатын қамтамасыз ету мақсатында және әділ сот талқылауы мақсатында сот бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін сот залына жіберу қажет деп санайды. Бұл ретте сот залына КТК арнасы да жіберіледі, өйткені оларға қатысты әкімшілік жауапкершілік қолданылған", - деді судья.
22 сәуір 2024 ж. 271 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 121

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 117

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 109

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930