Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азғындар өмір бойы бас бостандығынан айырылу керек

Азғындар өмір бойы бас бостандығынан айырылу керек

Фото
smi24.kz. Мұндай қылмыс жасайтындарды «адам» деп айтуға болмайды, «ауру», азғындарды ешқашан өзгертуге болмайды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға, яғни халық арасында «Салтанат заңы» деп аталып кеткен заң қабылданды деп бөркімізді аспанға атып жатырмыз. Жауапкершілікті қатаңдатумен енді мәселе шешіле ме? Заң неге өзгере береді осы? Бишімаев бұл заңның көзді ашып-жұмғанша қабылдануына әсер етті ме? Ата-анасы қол көтеріп, баласына ұрысса ата-ана құқығынан айрылады дегені рас па? Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Qasqa Jol жобасында қонақта болып, қазір қоғам арасындағы ең өзекті мәселелерді түсіндіріп, сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойды.

Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың түсіндіруінше, бұл арнайы дайындалған жеке заң емес. Қылмыстық кодекске, неке мен отбасы заңнамасына және әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне өзгеріс енгізілген. Өзгерістер бір жинақ ретінде басылып шықты. Президент оған 15 сәуір күні қол қойды. Оны кез-келген адам интернеттен оқи алады.

«Бұл заң тек отбасылық мәселеге қатысты заң емес. Соның ішінде педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру нормасы қарастырылды. Әлеуметтік желіде пікір білдірушілердің қоятын сұрағы бір «неге оларды тек бас бостандығынан айырамыз, неге өлім жазасын кесілмейді» дейді. Біздің конституциямызда ең ауыр жаза – өмір бойы бостандығынан айыру. Бұған дейін 15-20 жыл болды. Олар сол 15-20 жыл отырады да шығады.

Мұндай қылмыс жасайтындарды «адам» деп айтуға болмайды, «ауру», азғындарды ешқашан өзгертуге болмайды. Олар мұндай құқықбұзушылыққа барса, ол өмір бойы отыру керек, ешқашан шықпау керек, қоғамнан алыстату керек.

Біз тіпті хирургиялық кострацияны да ұсынғанбыз. Бірақ, біздің елдің өзіне алған халықаралық міндеттемелеріне толығымен келмейді деп түсіндірді. Екіншісі кішкентай сәбилерді өлтіргенін үшін», - дейді Асхат Қанатұлы.
22 сәуір 2024 ж. 198 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930