Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану жолдары талқыланды

Мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану жолдары талқыланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аймақтағы мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану және күтіп ұстау жайы талқыланды.
«Бүгінде облыс бойынша 276 мектепте профицит бар, яғни, кейбір елді мекендерде орналасқан мектеп ғимараттарын өзге де әлеуметтік мақсаттарға пайдалануға болады деген сөз. Қала және аудан әкімдері облыстық экономика және қаржы басқармасымен бірлесіп, жаңадан салынатын әлеуметтік нысандар, атап айтқанда спорт кешендері мен ауылдық клуб құрылыстарына қатысты алдын-ала зерделеу жүргізіңіздер. Оларды салуға қомақты қаржы бөлгеннен, бос тұрған мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану тетіктерін қарастыру қажет», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Тағы бір мәселе, мекеме басшылары ғимараттарды күтіп ұстауы, әр мүлкіне ұқыпты қарауы тиіс. Қасбетінен бастап, ауласының тазалығын қамтамасыз ету – басшылардың тікелей міндеті. Сыр өңірі алғашқылардың бірі болып ел Президентінің «Таза Қазақстан» акциясын қолдағаны белгілі. Науқан аясындағы көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстары мамыр айына дейін жалғасады. Сондықтан, білім беру ұйымдары аумағында тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізілуін бақылауға алу тапсырылды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
19 сәуір 2024 ж. 336 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30