Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыдан су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жәрдемдесу мақсатында техникалар аттанды

Қазалыдан су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жәрдемдесу мақсатында техникалар аттанды

Еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі көмек көрсетілуде.
Осыған орай бүгін Қазалы ауданынан аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жәрдемдесу үшін 7 арнайы техника жіберілді.
Бүгінгі күнге дейін Қазалы ауданынан су тасқыны болған аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында «Күшіміз – бірлікте» акциясы ұйымдастырылып, аудан тұрғындары, жанашыр азаматтар мен волонтерлер қаржылай және басқа да қажетті заттармен көмек жөнелткен болатын.
Ауданнан аттанған арнайы техникалар ендігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға барып, төтенше жағдайға тап болған өңірлердегі ағайынның бейнетін жеңілдету үшін көмек көрсететін болады.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
15 сәуір 2024 ж. 536 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31