Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға жәрдемдесу жалғасуда

Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға жәрдемдесу жалғасуда

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынына байланысты туындаған мәселелер қаралды.
Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты басшыларға тапсырмалар берді.
«Республиканың бірқатар өңірінде қауіп сейілер емес. Осыған дейін су тасқыны болған аймақтарға 296 қызылордалық құтқарушы аттанды. Оған қоса, облыс мекемелерінің 88 арнайы техникасы жіберілді. Ертең Атырау облысына тағы 100 арнайы техника жолданбақ. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге күш құралдарын жұмылдыруды үйлестіруді тапсырамын», – деді аймақ басшысы.
Еске салсақ, су апаты болған аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында қала және аудан әкімдіктері ұйымдастырған «Күшіміз – бірлікте» акциясына облыстың жанашыр азаматтары мен волонтерлер үлес қосуда. Жинақтау пунктері ашылып, су тасқыны басталғаннан бүгінгі күнге дейін Сыр өңірінен 150 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жөнелтілді.
Аймақ басшысы төтенше жағдайға тап болған өңірлердегі ағайынның бейнетін жеңілдету үшін қолдан келетін көмектен аянып қалмау керектігін ескертті. Су тасқынының зардаптарын жоюға бүкіл ел жұмылуда. Сондықтан жергілікті кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер де бұл шараларға атсалысқаны дұрыс. Нұрлыбек Машбекұлы елдің бірлігі сыналатын сәттегі ортақ істен облыс тұрғындарын да шет қалмауға шақырды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
12 сәуір 2024 ж. 165 0

Әсемдікке әуестік

28 мамыр 2024 ж. 80

Бұзық

28 мамыр 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031