Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Амалға аман жеттік

Амалға аман жеттік

Фото: ашық дереккөзден
Наурыз айының 14-ші жұлдызы – Амал мерекесі. Оны кей жерде «көрісу» күні деп те атайды. «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деген Хәкім Абайдың өлең жолдары осы күнге арналып айтылса керек. Айдан аман, жылдан есен шыққан ағайын жаздың қамын ойлайтын, қыстың сызы қайтқан кезі. Бұл жоралғыны елдің оңтүстігі баса мән беріп, атамаса да, батыстық тұрғындар бұл мерекені ерекше қарсы алады. Барлығы Отпан тауда бас қосып, ұлан-асыр той жасайды.
Бұл мереке туралы ғалымдар пікірі әрқилы. Көрісу күнін зерттеп, зерделеп жүрген ғалымдардың кейбірі бұл күнді географиялық ерекшеліктермен байланыстырса, кейбірі Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі деп қабылдайды. Ал кейбір ғалымдар бұл дәстүрдің шығу төркінін күнтізбенің ауысуымен байланыстырады.
Тарихшылар мәліметіне сүйенсек, 1918 жылдың 24 қаңтарында Халком кеңесі Григориан күнтізбесін қолданысқа енгізеді. Бірақ, екі күнтізбе айырмашылығы 13 күн болып қалған. Соған байланысты 1918 жылдың 31 қаңтарында ескі күнтізбені аяқтап, 14 ақпанда келесі айды бастаған. Осы деректі басшылыққа алса 1 науырыз – 14 наурызға тап келеді. Ол – жыл басы, күнтізбедегі көктемнің алғашқы күні саналған.
Оның қашаннан бері тойланып келе жатқаны туралы нақты ақпарат жоқ. Мерекенің шығу төркіні әлі де егжей-тегжейлі зертеуді, жан-жақты салыстырып, зерделеуді қажет етеді. Десекте мерекенің шығу тарихы анық болмағанымен, мәні көпке аян. Бұл күні жасы көпшілік қыстан аман-есен шыққанына қуанып, қол алысқан. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күткен әрбір отбасы міндетті түрде дастарқан жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп, бір-біріне «Бір жасыңмен!» деседі. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Есіңізде болсын, бұл кезде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі қажет. Үйдің кішілері қорап ұстап, көршілерге көрісуге асығады. Олар сол үйдің дастарқанынан ауыз тиіп, тәттілерден салып алады. Түптеп келгенде бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз аралас-құралас болып, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
– Көрісу күні, Амал мерекесі елдің оңтүстігінде кең көлемде болмаса да, тойланып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Ал негізінен бұл мереке батыс өңірінде кең көлемде тойланады. Оның тәрбиелік мәні де зор деп айтар едім. Себебі, біздің халық «Үлкенге құрмет, кішіге іздет» деген. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін амандасып, жүрекжарды тілегін білдіреді. Сол себепті Көрісу күні, Амал мерекесі біздің аймақта да жалпыхалықтық мерекеге айналса екен, – дейді кент тұрғыны Ә.Досхожаев.
Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді. Адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін, жаңа жылда, жаңа күнде, жаңа өмір бастауға ниет етеді.
– Амал мерекесі маған ерекше ұнайды. Оның үстіне биыл қасиетті Рамазан айы, оразамен қатар келіп тұр. Соңғы жылдары отбасымыз бұл күнді елеусіз қалдырмайды. Таңертеңнен бастап, бір-бірімізді құттықтап, жылы тілектерімізді айтып, мәре-сәре боламыз. Шынында Амал мерекесі қатал қыстың аяқталып, жаймашуақ көктемнің келгенін айғақтайды. Бүгін ауа-райы тамаша. Көктем келді. Бәріңізді жаңа жастарыңызбен құттықтаймын! – дейді Нұралы Жастілек.
Көрісудің басты ұғымы – табиғаттың жап-жасыл түске бөленіп, жасарар шағы – көктемге жеттік дегенді білдіру. Енді қиындық жоқ, адамның аузы аққа, малдың аузы көкке тиді деп қауышуы, ұлы той деген ұғым болса керек.
Міне, бұл – бізге ата-бабадан келе жатқан игі дәстүрдің бірі. Ендеше, Көрісу күні бақ-берекеге бастап, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, жылдан-жылға аман-есен жетейік.
Серік АҚМЫРЗА
16 наурыз 2024 ж. 231 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031