Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қандай махаббат болса да, жасы үлкен қызға үйлену жақсы емес» - Нұрлан имам

«Қандай махаббат болса да, жасы үлкен қызға үйлену жақсы емес» - Нұрлан имам

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы тікелей эфирде оқырман сұрағына жауап берді.

Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, желі қолданушыларының бірі тікелей эфир кезенде имамнан өзінен 8 жас үлкен қызға үйленгісі келетінін айтып, кеңес сұраған.

“Апаларға үйлену сәнге айналды. “Пенсионер” қыздарға үйленбеңдер! Үлкен қызға үйлену жақсы тенденция емес. Адам сияқты пенсиясын алып, қартайсын. Олардың мазасын алмаңдар! Қандай махаббат болса да, дүниені қырып бара жатса да, бұл дұрыс емес. Бәрібір ол саған әйел, сен оған күйеу бола алмайсың. “Тең теңімен, тезек қабымен” деген сөз бар. Сондықтан үлкен қыздардың жүрегін ауыртпаңыздар! 10-15 жылдан кейін жас айырмашылығы көріне бастайды. Өзіңнен кішкентай қызға үйленгенің дұрыс”, – деп кеңес берді имам.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі имамның сөзін қолдаса, екіншісі “қыздарды мазақ қылу” деп сөккен. 

“Дүмше молда дін бұзар деген осы екен ғой”, “Пенсионер” деп мазақ еткені дұрыс болмады”, “Имам осылай деп тұрса, басқадан не күтесің?”, “Кәрі қыздардың намысына тимеңіз” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Фото: golos-naroda.kz 
15 наурыз 2024 ж. 284 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 148

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930