Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Махаббат жасқа қарамай ма?

Махаббат жасқа қарамай ма?

"Махаббат жасқа қарамайды" деген сөз бар? Бұл қаншалықты шындық? Сезім жетегінде өзінен бірнеше жас кіші не үлкен адамға өмірін серік еткендердің одан әргі ғұмыры сәтті бола ма? Психологтар бұл туралы былай дейді.

Біз бүгінгі материалда осы сұрақты қарастырамыз. Зерттеулер нәтижесі де, күнделікті өмірде көріп жүрген тәжірибе де ер адамдар өзінен кіші, ал әйел адамдар екі-үш жас үлкен адамды іздейді. Жігіттер жасы ұлғайған сайын жасырақ қызға үйленгісі келеді, ал өзінен кіші жігітті таңдайтын қыз өте сирек кездеседі. Ер адам жиырма бес жасында жиырма екі-жиырма үш жастағы қыз іздесе, елу жасқа жеткен бойдақтар отыз жастан кіші қызбен кездесуге тырысады. Отбасындағы ер мен әйел адамның арасы қанша жас болса, неке бақытты да баянды болуы мүмкін? Оның да өзінің ғалымдар есептеп шығарған формуласы бар екен.

Сізге лайық жанның жасы ең төменгі шегі былай есептелгені жөн: өз жасыңызды екіге бөлесіз, оған жетіні қосасыз.

Мысалы жасыңыз отызда болса, 30/2=15. 15+7=22. 30 жастағы жігітке 22 жастан кіші қыз алмағаны дұрыс екен, сонда некеңіздің ғұмыры ұзақ әрі бақытты болуға мүмкіндік көп көрінеді. Шегі одан асып кеткен жағдайда екі адамның бір-бірін түсінісуі қиындай түседі.
Ал қыздар керісінше есептейді. Өз жасын екіге бөліп, оған жетіні қосып, шыққан санды қайтадан екіге көбейтеді.

Мысалы 20 жастағы қыз болса, 20/2=10. 10+7=17. 17*2=34. 20 жасқа келген қыз 34 жастан үлкен жігітпен әңгімесі жараспайды деген сөз. Формуланың аты – формула, көзді жұмып, осыған ғана сенудің де қажеті жоқ. Өз жүрегіңіз не дейді, соның сөзіне құлақ түріңіз. Егер араңыз 20 жас болса да бақытты бола аламын десеңіз, артқа шегінбеңіз. Бастысы өзара сыйластық пен сезім тұрақты болса болғаны.
08 қазан 2019 ж. 1 663 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031