Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен

Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен

Фото: t.me/qazavtojol
"Қазгидромет" мәліметінше, өткен 2022-2023 жылдары қыс мезгілімен салыстырғанда биыл қыста жауған жауын-шашынның мөлшері орташа есеппен алғанда 2 есеге көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәселен, еліміздің солтүстігінде қар жамылғысының биіктігі 50 см-ге дейін, ал шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда 90 см-ге дейін жетеді. Оның үстіне биыл екпінді желдер көп байқалады, әсіресе таулы аймақтарда жел екпіні 40-45 м/с дейін жеткен кездер болды.

Қыстың аяқталуына әлі де бір аптадай уақыт бар екенін ескерген жөн. Сондықтан, сақтық шараларын сақтау аса маңызды. Жол еркелікті көтермейді, қателікті кешірмейді. Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, сіздерден жол қауіпсіздігі ережесін мұқият сақтауларыңызды сұраймыз. Ұзақ сапарға шықпас бұрын "ҚазАвтоЖол" компаниясы мамандарының нұсқауына құлақ асып, республикалық маңызы бар автожолдардың ашық не жабық екендігіне көз жеткізіңіз. Бұл өз кезегінде тек сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіп қана қоймай, жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін ықтимал қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді, - дейді автожолдар бойынша бірыңғай ұлттық оператор.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ "Шығыста -63 градус аяз болды" деген ақпаратқа қатысты "Қазгидромет" түсініктеме берді.
21 ақпан 2024 ж. 276 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 103

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930