Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЖМ қай өңірлерді су басуы мүмкін екенін ескертті

ТЖМ қай өңірлерді су басуы мүмкін екенін ескертті

Фото: BAQ.KZ - архив
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны болуы мүмкін өңірлерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрдің сөзінше, бүгінде елімізде ағымдағы су тасқыны жағдайы біршама тұрақталды.
Сонымен қатар Қазгидрометтің ақпан және наурыз айларының соңындағы алдын ала болжамына сәйкес республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормамен мол жауын-шашын түсуі мүмкін. Осыған байланысты, 10 өңірдің елді мекендерін су басу қаупі бар. Атап айтқанда, тау суларының ағыны салдарынан Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары, ал Батыс Қазақстан, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлерінде қардың көп еруіне байланысты су басу қаупі бар, - деп айтты Әрінов отырыста.


Министр ведомство жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізгенін атап өтті.

Сөзінше, “Көктем” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді. Халықты құлақтандыру пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды.

Елді мекендерде уақытша бөгендер салу және үйемелеу, арықтарды, каналдарды, сондай-ақ авто және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазарту нақты түрде жүзеге асырылды. Елді мекендерден 10,5 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Бірақ жыл сайынғы тәжірибе көрсеткендей бұл жеткіліксіз, - деп түсіндірді бас құтқарушы.

Соңғы үш жылдағы статистикаға сәйкес, қабылданған алдын алу шараларына қарамастан, жылда Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басып келеді.
20 ақпан 2024 ж. 138 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930