Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал халқының шырылдайтындай жөні бар – депутат

Арал халқының шырылдайтындай жөні бар – депутат

фото
Арал теңізінің жағдайы – күні бүгінге дейін шешімін таппаған мәселе. Оған қатысты қоғамда түрлі көзқарас бар.
Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары атынан ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады. 
Құрметті Роман Васильевич! Қызылорда облысы, Арал ауданының халқы кездесуге барған сайын Кіші Арал теңізіндегі судың азайып бара жатқандығын үнемі еске салады. Теңізді өлке жұртының басты қорқынышының бірі – байырғы ата кәсібінен айырылып қалу екені жасырын емес. Өйткені бұл өлкенің тұрғындары экологиялық зардаптың әбден тағдыр-тауқыметін тартқан. 
Мемлекет басшысы 2020 жылғы Жолдауында «балық шаруашылығына ерекше мән беру керегін» атап өтті. Осыдан кейін саладағы қордаланған мәселелер азая ма десек, керісінше одан сайын көбейіп барады.
БіріншіБүгінде, кіші Арал теңізінде балықтың 20-дан астам түрі бар. Несібесін теңізден табатын тұрғындар осы күні балықтың 16 түрін аулап келеді. Арал халқының шырылдауының жөні бар. Су азайған сайын судың тұздылығы да жоғары болады. Балық өмір сүру үшін тұздылық 12 промиллден аспауы қажет. Бұдан жоғары болса, балықтың өсімі қалыптаспайды. Қазір су айдынындағы тұздылықтың мөлшері 12 промиллден жоғары. Өкініштісі, сонда да балық аулау лимиті әлі төмендемейді.
Балық шаруашылығына қатысты ғылыми институттар қаншама зерттеу жүргізіп, тиімсіз тұстарын сан мәрте дәлелдесе де, уәкілетті органдар бұған құлақ аспайды?
Бұл – үлкен сұрақ, әрі күмән тудыратын жағдай! Осы саладағы ғалымдар бекер мәселе қозғамайтынын ескерген жөн!
Бұдан бұрын да Арал теңізіне қатысты депутаттық сауал жолданды, ал Парламент қабырғасына келген уәкілетті орган өкілдеріне сұрағымды қойып жүрмін. Дегенмен жауаптары судағы балық секілді.
Екінші. Арал теңізінің арқасында қаншама халық күн көріп отыр. Осы күні өңірде 9 балық өндірісі (зауыт) және 20-ның үстінде шағын цехтар жұмыс атқарып келеді. Аталған кәсіпорындарда 2500-нан астам адам жұмыс істеуде. Негізі зауыттар 24 000 тоннаға дейін балық сақтауға қауқарлы. Өнімнің жетіспеушілігінен кәсіпорындар өндірістік қуатына толық көше алмай отыр. Ал осыдан кейін тұздылыққа шыдайтын балықтың түрлерін қалай жерсіндіреміз (камбала, пилингас)?
ҮшіншіТеңізді өлкеде заңсыз балық аулаудың дерегі өте көп. Бұған тосқауыл қоюдың бірде-бір жолы арнаулы бекеттер белгілеп, салмақ өлшейтін таразымен қоса сапалы бейне бақылау жүйесін орнату қажет. Сонда ғана мұндай жағдайларды тежеп, қадағалау орнатуға мүмкіндік туады.
Бұдан бөлек заттай дәлелдеме ретінде алынған броконьерлердің аулаған балықтары барлық жағдайда жарамсыз күйде қалады. Өйткені тәркіленген балықтар зауыт пен цехтардағы тоңазытқыштарға қойылады. Кәсіпорындарда сақталған әрі өңделмеген балықтар ішкі істер органдары арқылы сотқа жолданып, тиісті шешім қабылданып, заңды күшіне енемін дегенше айтарлықтай уақыт өтеді (7-8 ай сақталады). Бұл аралықта сот шешімін орындау үшін жергілікті атқарушы органдар да тиісті рәсімдерді жүзеге асыруы қажет. Оның ішінде, бірнеше ай бұрын тәркіленген балық өнімдерін әкімдікке қарасты мемлекеттік орган (аудандық экономика және қаржы бөлімі) электронды сауда-саттыққа шығаруы қажет. Осындай созбалаңға салынған процедуралық кезеңдерден кейін ешбір кәсіп иесі тәуекелге барып, жарамсыз күйге жеткен өнімді сатып алғысы да келмейді.
Ал тәртіп сақшылары әшкере етіп, анықтаған балық өнімдерін бағалау мен сақтауға бюджеттен қаражат бөлінеді. Логикаға мүлдем сәйкес келмейді?!
Бұл проблемалық мәселелерді уәкілетті органдар жедел назар аудармаса, Аралдағы балық шаруашылығымен айналысатын шаруалар «Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сордың» күнін кешіп қала ма деп қауіптенеміз. 
Жоғарыдағы аталған мәселелерге байланысты келесідей шараларды атқару қажет деп санаймын:
1. Жыл сайын балық қорына келтірілген зиянды анықтау және оны келешекте болдырмау мақсатында құзырлы органдармен бірлесіп түбегейлі мониторинг жүргізуді. Сондай-ақ балықтың қорын анықтап, нақты өсу динамикасын қалыптастыруға шара қабылдау.
2. Кіші Арал теңізі учаскелерінде балық аулаумен айналысатын барлық жеке тұлғаларды заң шеңберінде тіркеу тетіктерін қарастыру.
3. Броконьерлерге қатысты жұмысты қатаң тәртіппен ретке келтіріп, шара қолдануға құқығы бар күштік құрылымдарды жедел іске қосу.
4. Балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын жүйелендіру.
5. Апат аймағындағы халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында нақты іс-шараларды қабылдауды ұсынамын.
Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

16 ақпан 2024 ж. 189 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930