Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 ақпан – Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күні

11 ақпан – Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күні

Сурет: pixabay
11 ақпан – Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күні. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл күн әйелдердің ғылым мен техника саласындағы мүмкіндіктерін дамытуға қолдау көрсетудің маңызын еске салатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің сөзінше, ғылымға қызығатын қыздар үшін үлгі алатын тұлғалардың болуы маңызды. Жақында биолог, белгілі ғалым Күнсұлу Закарья вакцинация саласының дамуына үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне енді. Оның жетекшілігімен бір топ ғалым 2020 жылы отандық QazVac вакцинасын әзірледі.
"Одан бөлек еліміздегі Ғылым академиясы тарихындағы тұңғыш әйел президент, биология ғылымдарының докторы - Нағима Айтхожина, Орталық Азиядағы геология ғылымдарының докторы болған тұңғыш әйел Патшайым Тәжібаева сияқты тұлғалармен біз ерекше мақтанамыз".Аида Балаева
Ведомство басшысы бүгінде қазақстандық ғылым жаңа кезеңге аяқ басып отыр деп есептейді.
"Осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстар айтарлықтай нәтиже көрсететін ғалымдардың жаңа қауымдастығының қалыптасуына ықпал етті. Дегенмен бүл күндері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысатын әйелдердің үлесі шамамен 54% болады, бұл - 10 мыңнан астам адам. Алайда олардың есімдері мен жетістіктерінен көпшілігі бейхабар. Сондықтан осы жазбам арқылы баршаңызды ғылымдағы әйелдерді қолдауға және олардың есімдері мен жетістіктерін көбірек насихаттауға шақырамын".
11 ақпан 2024 ж. 314 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031