Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маскалық режим: Еліміздің 2 өңірінде коронавирусты жұқтырғандар көп

Маскалық режим: Еліміздің 2 өңірінде коронавирусты жұқтырғандар көп

фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
Әлемді әбігерге салған коронавирус індеті қайта оралып, бірнеше адам ауру жұқтырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда корона індетін жұқтырғандардың саны артқанын мәлімдеді.
Елімізде өткен жылдың желтоқсан айы мен 2024 жылдың қаңтарында коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 есеге бірден өскен. Желтоқсанда – 187 адамның ауырғаны тіркелсе, қаңтарда – 477 жағдайға дейін науқастар бар. Мәжіліс те маскалық режимге көшкен.
"2024 жылдың 26 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында бір апта ішінде республикада COVID-19+ инфекциясының 144 және COVID-19- инфекциясының 11 жағдайы тіркелді. Ауру дерегінің 26 жағдайға өскені байқалды. Сондай-ақ жаңа жағдайлардың ең көп дерегі Алматы (37) мен Астанада (21) тіркелді", - делінген комитет хабарламасында.
Қазақстанның барлық өңірлері "жасыл" аймақта екенін еске слаамыз. Тек үш науқас стационарда емделуде.
"Шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ. Сонымен қатар соңғы айда коронавирусқа, ЖРВИ мен тұмауға шалдыққандар санының артуына байланысты адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте және медициналық ұйымдарға барған кезде және науқаспен байланыста болғанда бетперде кию ұсынылады", - делінген.
09 ақпан 2024 ж. 308 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031