Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 11 жағдай тіркелді
Өткен тәулікте алдынғы күнмен салыстырғанда COVID-19 инфекциясының тағы бір жағдайы анықталды. Қазақстанның жеті облысында ауруды жұқтырғандар бар, деп хабарлайды Zakon.kz.Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 11 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 2,
Алматыда – 4,
Шымкентте – 1,
Шығыс Қазақстанда – 1,
Қарағанды облысында – 1,
Павлодар облысында – 1,
Түркістан облысында – 1.
Елде барлығы 1 305 417 жағдай расталды.
8 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, оның ішінде:
Алматыда – 4,
Шығыс Қазақстанда – 1,
Жамбыл облысында – 2,
Павлодар облысында – 1.
Елде барлығы 1 290 904 адам COVID-19-дан жазылып шықты.














