Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларға берілетін төлем: егер ақша түспесе, ата-ана не істеуі керек?

Балаларға берілетін төлем: егер ақша түспесе, ата-ана не істеуі керек?

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
БЖЗҚ өкілдері ата-аналарға баласына Ұлттық қордан ақша түспеген жағдайда не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мына деректерді тексеру қажет:

балада жеке басын куәландыратын құжат болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі); жеке басын куәландыратын құжатта деректер болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;
egov.kz порталындағы жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтер болуы, тіркелуі және дұрыстығы (осы ресурста баланың ата-анасына бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады).
Егер балада:
  • жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінген жөн;
  • азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе ол дұрыс көрсетілмеген болса, онда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісін түспеген кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептеледі", - деп жазылған хабарламада.
01 ақпан 2024 ж. 185 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930