30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: oqu.news
Қазгидромет синоптиктері сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазгидромет синоптиктері сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жауын-шашын (негізінен қар) жауады.
Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
ҚР бойынша тұман түседі, көктайғақ, боранмен бірге жел күшейеді.