Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтардан абайлаңыз: министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

Алаяқтардан абайлаңыз: министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: elements.envato.com
Әділет министрлігі алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүргенін ескертеді, – деп хабарлады turkystan.kz.

Олар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етуде.

«Мұндай қоңыраулар келіп түскен жағдайда атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АІЖО ААЖ) (https://aisoip.adilet.gov.kz/) немесе АИС ОИП мобильді қосымшасы арқылы атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқтығына көз жеткізу қажеттігін ескертеді», – делінген хабарламада.

Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.

Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады.
29 қаңтар 2024 ж. 110 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930