Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Сурет: Zakon.kz
26 қаңтар сағат 17:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысында – 1 учаске:

"Үшарал-Достық" 84-184-км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі аралық – 100 км.
Қарағанды облысында – 2 учаске:

"Екатеринбург-Алматы" 1446-1459-км, Теміртау қ.-Қарағанды қ. – 13 км;
Екатеринбург-Алматы» 1426-1446-км, Теміртау ААП-Теміртау қ.– 20 км.
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 799 бірлік техника және 1307 жолшы жұмылдырылды.
26 қаңтар 2024 ж. 138 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031