Былтыр 38 000-нан астам алтын құйма сатылды
2023 жылы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 1,6 тонна болатын 38 729 алтын құйма сатылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 5,4 тоннаға жуық 151 574 алтын құйма сатылды.
Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. 2021 жылы сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие болған түрі – 100 грамдық құйма болды. Сатылған құймалар арасындағы оның үлесі – 28%, яғни, 10 910 дана. Одан кейін 5 грамдық құйма сұранысқа ие, 9 795 дана (25%) сатылды. 10 грамдық құймадан 9 409 дана (24%), 50 грамдық құймадан 4 818 дана (13%), 20 грамдық құймадан 3 797 дана (10%) сатылды.
Алтын құймалар Алматы, Астана және Шымкент қалаларында көп сатылады.