Үкімет үйінің Баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті, онда 2030 жылға дейінгі елдегі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы және келесі жыл жобасы талқыланды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, сондай-ақ Әділет министрлігінің басшысы Азамат Есқараев брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Светлана Жақыпова халықаралық стандарттарға сәйкес ең төменгі жалақыны есептеудің жаңа әдістемесінің механизмін түсіндірді. Кәсіптік тәуекелдерден қорғауды күшейту туралы айтты, сондай-ақ, әдетте, келісім-шарт жасамай жалданатын және өндірістік жарақат алған кезде проблемасымен өзі қалатын қосалқы мердігерлік ұйымдар қызметкерлеріне өз құқықтарын қалай қорғауға болатынын түсіндірді.
Әділет министрі Азамат Есқараев Жаңа отбасылық соттардың жұмысы туралы статистиканы айтып берді. Олардың қызметі қарастырылып жатқан істерге қалай әсер етті? Қазақстандықтар неке шарттарын жасасуға дайын ба? Ал төрелік сотта Қазақстанға қатысты қанша іс жатыр? Министр осы және басқа да мәселелер бойынша БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.