Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық дәрігерлер аппаратқа байланған жанға екінші өмір сыйлады

Қызылордалық дәрігерлер аппаратқа байланған жанға екінші өмір сыйлады

Бүгін Сыр медицинасында тарихи сәт.
Аймағымызда араға 9 жыл салып бүйрек ауыстыру отасы жасалды (Мұндай ота түрi өңірімiзде алғаш рет 2014 жылы жасалған болатын).
Көпбейінді облыстық ауруханасында 25 жастағы еңбекке қабілетті азаматқа жасалған бүйрек трансплантациясы отасы сәттi аяқталды. Донор - пациенттің ағайыны.
Үш жыл бойы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді болып жүрген науқас үшін бұл көптен күткен қуанышты оқиға. Ендi ем алушы азамат бұрынғы толыққанды өмірiне оралды десек болады, яғни диализ орталығынан тәуелсіздікті, уақыт пен тамақтануға байланысты шектеулерден босап, жұмыс істеуге, еркін саяхаттауға және белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік алды.
Осы ретте трансплатацияның Қызылордада жасалуына қолдау білдірiп, арнайы келген А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер Болатбек Бимендіұлы мен жетекшілік ететін трансплатологтар командасына науқастың алғысы шексіз.
Айта кетейік, көпбейінді облыстық аурухананың дәрігерлері де отаға қатысып, тәжірибе алмасты. Бүйрек ауыстыру отасы алдағы жылдарда да жалғастырылмақ.
Бүгінгі хирургияда донорлық бүйректі сәтті трансплантациялау - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардың өмір сүру сапасын қалпына келтіріп, олардың толық медициналық және әлеуметтік оңалуын қамтамасыз етеді.
Аурудың дамуын болдырмаудың жолы – скрининг арқылы бүйрек ауруын ерте анықтау.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 85 трансплантацияланған науқас бар. Бүйрек ауыстырған қызылордалық азаматтардың бүйрек қызметі әлі күнге дейін өз жұмысын жақсы атқаруда.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

08 желтоқсан 2023 ж. 206 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031