Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталары айналымға шығарылады

TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталары айналымға шығарылады

15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толады. Әр елдің ұлттық валютасы – тәуелсіздік пен егемендіктің белгісі, мемлекеттегі ақша жүйесінің негізі саналады.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылғы 6 қарашада «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Монеталардың сатуға шығарылатын күні ҚҰБ ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда қосымша хабарланады.

15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толады. Әр елдің ұлттық валютасы – тәуелсіздік пен егемендіктің белгісі, мемлекеттегі ақша жүйесінің негізі саналады.

Ұлттық банктің хабарлауынша, TEŃGEGE 30 JYL монетасының дизайны цифрлық технологияларды дамыту тұрғысынан «₸» теңге белгісін пайдалануға негізделген. Белгінің сол жағындағы ою-өрнек даму мен өркендеуді, сондай-ақ ұлттық болмыс пен нақышты білдіреді.

TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталары:

– күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, өн бойында тантал металл да бар. Монета диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана. Монетаның жалпы массасы – 84,32 грамм;

Номиналы 1 000 теңгелік TEŃGEGE 30 JYL монетасының бейнесі

– алтын жалатылған күміс монетаның сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана.

Номиналы 500 теңгелік TEŃGEGE 30 JYL монетасының бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.
06 қараша 2023 ж. 277 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930