Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл соңғы күн тұтылуы 14 қазанда болады

Биыл соңғы күн тұтылуы 14 қазанда болады

Биыл жылдың соңғы күн тұтылуы 14 қазанда болады. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, бұл жолы көпшілік "от сақинасы" деп аталатын сақиналы күн тұтылуын тамашалай алады. Бұл Айдың Күнді толығымен жауып қалмай, жан-жағына жарық қалдыруымен байланысты қойылған атау.
Тұтылу дәлізі 14 қыркүйекте басталды. Астрологтардың айтуынша, бұл кезеңде көптеген адамдардың еңбегі жемісті болады. Бір жыл бойы игі істер жасап, тынбай еңбек етсеңіз, оның бәрі екі есе қайтарылады. Егер сіз сезімтал адам болсаңыз, бұл күнді жалғыз өткізгеніңіз абзал. Себебі агрессивті фон жоғарылап, соңы жанжалға әкелуі мүмкін.
Күннің тұтылуы жаңа нәрсені бастауға және ескіні ұмытып, өткенде қалдыруға көмектеседі. Сондықтан өміріңізде бір нәрсені түбегейлі өзгертуді жоспарласаңыз, күннің тұтылу сәтіне алдын-ала дайындалыңыз. Мысалы, тілек картасын жасаңыз немесе барлық жоспарларыңызды қағазға жазып, оларды өртеңіз. Бұл әрекет өміріңіздегі өзгерістерді сәтті жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Айта кетерлігі, қазақстандықтар сирек кездесетін құбылысты тамашалай алмайды. Себебі сақиналы күн тұтылу тек АҚШ пен Латын Америкасында болады. Ол Солтүстік Американың батыс жағалауынан басталып, Оңтүстік Америка жағалауында Атлант мұхитында аяқталады.
13 қазан 2023 ж. 169 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 62

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930