Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар қауіпсіздігіне бірінші басшы жауап береді - министр

Балалар қауіпсіздігіне бірінші басшы жауап береді - министр

Бұл туралы Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды baq.kz
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте журналист министрге «Жуырда Астанада мектепте бала баспалдақтан құлады. Осыған байланысты мектеп директоры жұмыстан шығарылды. Бұл әділетті ме? Ескі 1974 жылы салынған мектепке болғандықтан әкімшілік жауап берген дұрыс емес пе? Мәселені директорды жұмыстан шығарып шешуге бола ма?» деп сұрақ қойды.
Жалпы, бүкіл білім мекемелерінің балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға, ең бірінші басшы жауап береді. Бұл заңда көрсетілген. Сондықтанда, бірінші кезекте әрбір білім мекемелерінің басшылары өзіне берілген мекеменің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етілуін қадағалап, егерде өзінінің күші жетпеген жағдайда құзіретті органдарға жазбаша хабарлауы керек. Мәселені шешуде органдар міндеттелген, - деді Оқу-ағарту министрі.
Еске сала кетсек, қыркүйектің аяғында Астанадағы №14 мектепте оқушы баспалдақтан құлап, ауруханаға жеткізілген болатын. Аталған мектептің директоры жауапқа тартылды.
10 қазан 2023 ж. 100 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031