Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Ішкі істер министрін қабылдады

Президент Ішкі істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Министр елімізде кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткен алдын алу шаралары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды egemen.kz
Президентке құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеушілік» және жазаның бұлтартпастығы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.
Ержан Сәденовтің айтуынша, жыл басынан бері ауыспалы нөмірлерден шалынған 37 миллион қоңырау бұғатталып, заңға қайшы контенті бар 16 мың сайт анықталған.
Мемлекет басшысына Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді. Министрдің айтуынша, 31 тоннадан астам есірткі және 79 тонна прекурсор тәркіленіп, 39 есірткі зертханасын жойылған.
Сонымен қатар Президентке қылмыстық-атқару жүйесі мен Ұлттық ұлан қызметінің қазіргі жай-күйі туралы айтылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
09 қазан 2023 ж. 255 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 168

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 181

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031