Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

9 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның басым бөлігінің тұрғындарына 9 қазанда ауа райының қолайсыз болатынын ескертеді. Бірқатар өңірлерде қатты жел соғады, деп хабарлайды zakon.kz
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Облыс орталығында және солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Ақмола облысында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, Көкшетауда жел 23 м/с жетеді. .
Ақтөбе облысының басым бөлігінде желдің екпіні 17-22 м/с, Ақтөбе қаласында 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні 25 м/с жетеді. Ақтауда түнде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел облыстағыдай, 25 м/с.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде және батысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні 23-28 м/с, Петропавлда 25 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Оралда да желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысының басым бөлігінде жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда желдің жылдамдығы 18 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.
Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, жел 25 м/с күшейеді. Қостанай қаласында екпінді жел 15-20 м/с жетеді.
9-10 қазанда солтүстікте, батыста, оңтүстікте, Түркістан облысының шөлейт аймақтарында және Шымкент қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі.
09 қазан 2023 ж. 150 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031